«Қазгидрометтің» хабарлауынша 11-13 қараша күндері еліміздің басым бөлігінде күн райы салқын болып, тұман түседі. Батыс және шығыс аймақтарда ауа райы құбылмалы болады.
Елімізге ауысқан антициклонның әсерінен демалыс күндері басым облыстар жауын-шашынсыз болады, бірақ ауа температурасы төмендейді.
Ал еліміздің батысы мен шығысында қар аралас жаңбыр жауып, коктайғақ болады деп болжануда.