Бразилияда полицейлер есірткі саудасымен айналысты деген күдіктілерді атып тастады. Осы сәтте бразилиялық қаскөйлер Facebook желісі арқылы тікелей трансляцияға шыққан, – деп хабарлайды Daily Mail.
Видеода жап-жас жігіттердің бірі тұраққа қойылған көліктің ішінде әзілдесіп, күлісіп отырған өз серіктестерін видеоға түсіріп отырғаны көрінеді. Бір сәтте атылған оқтың дауысы шығады және түсірілім жасалынып жатқан құрылғы жерге құлайды.
Оқиға Рио-де-Жанейрода есірткіге қарсы күрес операциясы кезінде болған. Көлікте отырған күдіктілерді полицейлік тікұшақтан атқан, автомобильде отырған үш адам қаза тапты, ал біреуі жарақаттанған.