Қазақстан және Ресей президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин 9 қарашада Челябинскіде қос елдің аймақаралық ынтымақтастығының 14-ші форумына қатысады.
Бұл жолы Ресей-Қазақстан форумының негізгі тақырыбы адам капиталының дамуы болады.
Форумның жалпы отырысы алдында Путин мен Назарбаев кездесу өткізбек. Қос елдің басшылары екі жақты және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылайды.