Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты 9 қарашада Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады, тек батыс, оңтүстік-батыс және оңтүстік-шығыста жауын-шашынсыз. Кей жерлерде жел күшейеді, тұман, көктайғақ, бұрқасын болады.
Бұл туралы Қазгидромет хабарлайды.
Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында желдің күшеюі 15-20 м/с, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с жетеді, кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болуы ықтимал. Қостанай облысында желдің күшейіп, жылдамдығы 17-22 м/с жетеді, кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп көктайғақ болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с. Павлодар облысында бұрқасын болуы мүмкін.