The New York Times басылымы Эр-Риядтағы бес жұлдызды “Ритц Карлтон” қонақүйінен видео жариялады.Видеодан осы жексенбіде ұсталған Сауд Арабиясының ханзадалары, шенеуніктер және министрлерді көруге болады.
Сондай-ақ, видеодағы кадрлардан матрастар төселген үлкен залды байқауға болады. Онда жемқорлыққа қатысы бар делінген жоғарғы қызметтегі тұлғалар жатыр. Басылымның мәліметінше, оларға елден кетуге тыйым салынып, банк шоттары бұғатталған. Айта кетейік, видео дүйсенбіде таңғы уақытта түсірілген. Мұның барлығын видеоға күзетішілердің бірі түсірген болуы мүмкін.
Еске сала кетейік, 5 қарашада Сауд Арабиясының 11 ханзадасы, төрт министр мен он экс-министр ұсталған болатын. Ұсталғандардың ішінде Салман ханзаданың жиені әрі миллиардер әл-Валид ханзада, экономика министрі Адель Факих және тағы басқа тұлғалар бар.
Өз кезегінде АҚШ президенті Дональд Трамп Twitter желісіндегі парақшасында Салман ханзаданы қолдайтынын айтып өтті.
Ақпарат көзі: Tengrіnews.kz