ҚР Президенті Н.Ә. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» Жолдауының жүзеге асыру мақсатында Алматы қаласының жастарына Халықаралық Бизнес Академиясы колледжі 2017 жылдың 10-25 қараша аралығында «Туған өлке тарихы» атты қалалық квест-сайысын өткізеді.
Бұл туған өлкені тануда жаңашыл, заманауи және ерекше формат. Әр команда бір сюжеттік бағытта тапсырма орындайды. Квесттің тапсырмалары нақты және аса танымал емес тарихи деректерге негізделген. Квест тапсырмаларын құру барысында Алматы қаласының психологтары, тарихшылары және мәдени қайраткерлері қатысты. Квест-сайыс Алматы қаласының көне ескерткіш сәулеттерін, тарихын және мәдениетін зерттеуге арналған.
жасөспірімдерді ұлттық рухани дәстүрге баулу;
белсенді өлкетану қызметі арқылы қала жастарының танымдық қызығушылықтарын дамытып, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
туған жерінің көрнекті жерлерін, ескерткіштерін және көшелерін зерттеп білуге деген танымдық қызығушылықтарын дамыту.
Іс-шараның бағдарламасы:
2017 жыл 10-16 қараша – мектеп әкімшіліктерімен кезедесу;
2017 жыл 17-20 қараша – тапсырмаларды тарату, квесттің өтуі;
2017 жыл 21 қараша – сараптау комиссиясының отырысы;
2017 жыл 22 қараша – қорытындысын шығару;
2017 жыл 22 қараша – марапаттау, салтанатты концерт.
Квест-сайыстың ұйымдастырушылары: Алматы қаласы әкімдігі, Алматы қаласы Білім басқармасы, Халықаралық Бизнес Академиясы колледжі.
Іс-шара қонақтары: қоғам қайраткерлері және Қазақстанның атақты тұлғалары Сулейменов О.О., Раева С.К., Басенов Б.Т., Есенберлина Д.И., Нұрдаулет Ақыш т.б., Қауымдастықтар, оқу орындары, салалы қауымдастықтар, қоғамдық бірлестіктер, Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасы, қызығушылық танытқан тұлғалар.
Сайыс қорытындысы бұқаралық ақпарат құралдарында, ғаламтор және әлеуметтік желілерде кеңінен жарияланады.