Бұл арада тіл жанашырларының талап-тілегі ескеріліп, жаңа әліпби тіл заңдылығына қарай бекітілгелі жатыр екен.
Бұл туралы Алматыдағы ғылым ордасында латын әліпбиін қолданысқа енгізудің тиімді жолдарын талқылаған конференцияда айтылды.
«Халықтың қалауымен қабылданып, Елбасы қол қойған әліпби қазақ тілінің ұмытылып кеткен ережелеріне қайта жан бітіреді»,
– дейді халықаралық «Қазақ тілі» қоғамның президенті Өмірзақ Айтбайұлы.
Өмірзақ Айтбайұлы, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті:
– Емле ережелерін жазуымыз керек. Баяғыда біз емле, ережелердің барлығын орыс тіліне қарай бұрып, дән жазуымызды бүлдіріп алдық. Енді соның барлығын қалыпқа түсіру үшін бірталай жұмыс жасалады. Ол жөнінде біздің Ахмет Байтұрсынұлы атындағы тіл білім институтының мамандары осы уақытқа дейін шаруалар бітірді. Енді ары қарай талай жоспарларын құрып отыр.