Алматы облысында 6 жасар бала өзінің 2 жастағы інісін атып жіберді.
Бұл туралы облыстық ІІД хабарлайды.
Оқиға Мыңбаев ауылындағы жер үйлердің бірінде болған. Алматы қаласының тұрғындары қала сыртында тұратын туысқандарының үйіне қонаққа барған. Сол жерде 6 жасар бала ойнап жүріп туған інісін жарақаттаған.
Бүлдіршін шұғыл облыстық ауруханалардың біріне жеткізілді. Ал оқыс оқиғаға негіз болған мылтық еш жерде тіркелмеген болып шықты. Үй иесінің айтуынша, ол мылтықты үй маңынан тауып алған. Құқық қорғау органдары аталған фактілерге сәйкес, бірнеше қылмыстық іс қозғады. Дәл қазір тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.