Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданында ішімдікке әуес ата-ана балаларын ұрлық жасауға, қайыр тілеуге мәжбүрлеген. Ең ақырында, кәмелетке толмаған қызын бөтен еркектің астына салып бермек болғанда олардың масқарасы әшкере болады.
Бұл туралы жергілікті Отырар телеарнасы хабарлады.
«Әкем есікті балтамен ұра бастады. Мен «олай жасамаңыз» деп жалындым. Полиция шақыртатынымды айттым», – дейді қызы.
Даулы оқиғадан соң аудандық білім бөлімі балаларды өз қамқорлығына алатынын айтып, уақытша интернатқа орналастырды.
«Анасы ақша үшін қызын еркектермен жақындастырмақ болған.
Қызы одан бас тартқанда әкесі екеуі пышақпен қорқытып, балтамен ұрған», – дейді көршісі Марина Новикова.
Білім бөлімі ата-аналарын құқығынан айыруға полицияға арыз жазбақ.