Мадагаскарда оба дерті өршіп тұр. Осыған байланысты елде қайтыс болған адамды еске алушы Фамадихан рәсіміне тыйым салынды.
Бұл жоралғы бойынша марқұмды туған-туыстары қабірден қазып алып, оны жаңадан ақ матаға орап, көтеріп алып, би билейді, бірнеше сағаттан кейін қайтадан жерлейді деп жазады Daily Mail. Жергілікті халықтың наным-сенімі бойынша, қайтыс болған адам денесі әбден іріп-шірігенде ғана ана жаққа кетеді, ал оған дейін туған-туыстары келіп, оны сілкілеп, әңгімелесіп тұруы керек екен. Сол үшін мәйітті қабірден қазып алады.
«Егер адам оба індетін қайтыс болып, кейін оны Фармадихан өткізу үшін қабірінен қазып алса, жұқпа онымен байланыста болғандарға өтеді», – деді елдің денсаулық сақтау министрлігі штабының басшысы Вилли Рандриамаротия.