Нұр-Сұлтан
Қазір
12
Ертең
8
USD
444
0.00
EUR
476
0.00
RUB
4.82
0.00

“Қазақтың атын шығарам”. Қайрат Түнтеков мұхит асып, Америкаға қоныс аудармақ

Өнерпаз, жеке әндерінің неліктен өте сирек жарық көретінін түсіндіре кетті.

“Мен шығарсам болатын еді, на-на-на деп шығара салам.

Күніне пачка-пачка өлеңдерді шығара беруге болады.

Сөздің шыны керек. Бірақ менің ішкі дүнием ондай емес те көрдіңіз бе”, – деп түсіндірді Қайрат.

Қазақ шоу-бизнесіне көңілі көншімейтін Қайрат, шетелдегі халқаралық ән додаларына қатысу үшін қомақты қаражат керек дейді. Оның ойынша, дарындарға қол ұшын созып, қолдау көрсетер жомарт жандар жетіспейді.

“Шоу-бизнес дамымағаннан кейін, бізде қызық емес те ақша салу, спонсорларға. Тек қана бизнеске салады, бизнес ақша алып келеді”, – дейді Түнтеков.

Қиындықтарына қарамастан үлкен камбэк жасауға бекінген орындаушы, жуық арада «Америка дауысы» байқауында ән шырқап жатса, еш таңқалмаңыз.

“Кішкентай кезімнен осы мақсатым бар, Америкаға барып, жасым 58-ге келетін болса да, барамын да әйтеуір өзімнің атымды шығарамын сол жақта. Тек қана өзім-өзім деп жатқан жоқпын. Ондай емес менде, мен тұра бермеймін Америкада, өз елімде боламын.

Бірақ қазақтың атын қатты шығарғым келіп жүр”, – дейді Қайрат.

Одан бөлек, өнер иесі бірнеше тың туындылар жазып қойған көрінеді. Қатарға қайта қосылдым деген Қайратты, жаңа әніне сусаған тыңдармандары бары қуантады.

Дереккөз: Stan.kz

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз