Нұр-Сұлтан
Қазір
-15
Ертең
-20
USD
524
+1.73
EUR
547
+2.80
RUB
4.99
-0.06

“Жанды дауыспен өзің айт!”.Әріптестері фонограммаға тыйым салуды ұсынған Мөлдірге қарсы шықты

Бұл- Мөлдірдің жеке пікірі. Алайда, тіпті сахнаны тоздырған саңлақтар да Мөлдірдің бұл пікіріне қарсы болып шықты.

“Айта салу оңай кесіп тастап, барлық жерде жанды дауыспен айту  керек деп. Республика сарайы, мықты аппаратымен жабдықталған қамтамасыз етілген залдарда, егер де билет сатылып, көрермендер кірсе ол жерде жанды дауыспен айту керек”, – дейді Медеу Арынбаев.

“Бізде барлық аппаратура болады, сіздер жіберген техникалық райдер деген болады, оны қабылдаған адам соның шеңберінен шықпай, оған дыбыс ұлғайтқышты дайындап беруі керек. Сол кезде кез-келген әнші дайындалады”, – дейді Сәкен Майғазиев.

Ал, кей әншілер техникалық жетіспеушіліктерді алдыға тартты.

“Техникалық райдер құрастырып, оны талап еткен күні жұмыссыз қалатынымыз анық. Бізді ол кезде ешкім концертке де, тойға да шақырмайтын болады”, – дейді әнші Адэми.

“Нұреке, 7-8 баланы алып келу, оны орналастыру, олардың тамағы бар, оның үстіне гонорарың өседі. Бізді қинамай-ақ өзіңіз-ақ келе салыңызшы деген”, – дейді Нұрлан Абдуллин.

Бірақ, бұл жәй ғана сылтау ғана. Оралдағы шаң басқан аппаратурасымен де Димаш Құдайберген даусының күшін дәлелдеп кетті емес пе?

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз