Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадаиев ұстаздар мен тәрбиешілердің баласын балабақшаға жеңілдікпен қабылдауды ұсынды.
Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.
Үкімет отырысында министр Ерлан Сағадаиев мұғалімдерге жеңілдіктер қарастырылмағанын айтты.
“Біз мұғалімдер мен тәрбиешілердің баласын балабақшаға қабылдаған кезде жеңілдіктер енгізуді ұсынып жатырмыз. Әскерилерге осындай жеңілдіктер қарастырылған. Балабақшалардың саны өсіп келеді, орын жеткілікті. Сондықтан біз жоғарыда аталған норманы енгізу бастамасын көтереміз”, — деді министр.
Оның пікірінше, осы деректер базасы ұстаздарды қосымша жұмыстан босатуға септігін тигізеді.