Танымал британиялық аспаз Гордон Рамзи мейрамханаларда тамақ дайындау кезінде кокаин қолдану кеңінен таралғанын айтты.
Бұл туралы The Guardian жазады.
Кулинардың айтуынша, есірткі – бұл мейрамхана өндірісіндегі “лас, бірақ кішкентай құпия” екен. Бас аспаз бірде келушілердің бірі тәтті шоколад қабатына кокаин жағып беруді өтінгенін айтады. Содан кейін ол өз желісіндегі 31 мейрамхананы тексеріп шығып, ол жерде тыйым салынған заттың қолданылатынына көз жеткізген.