Әне, айттық қой! Баян үнсіз қалмайды деп. Атышулы продюсер Қайрат Нұртастың фильміне қатысты пікір білдіріпті. Қайрат “Арман” деген фильм түсірген. Осы фильмде жылдап жұрттан жасырып келген жұбайын да таныстырған-тұғын.
Міне, осы фильмге қатысты Баян Есентаева былай депті:
“Шыны керек, өмірімде алғаш рет экраннан өмір шындығын тамашаладым. Жоқ, рас. Бұл таза өмір шындығы! Біздің елімізде нәзік жанды қауым зорланса да, полиция бұған көз жұма қарайды, байлардың балалары ешқандай заңды елемейді. Қалтаңда ақшаң мен жоғарыда танысың болмаса, түрмеге отыруың мүмкін. Иә, бұл шындық!
Бірақ бұл жайлы айту – қазақстандық қоғамға жат нәрсе, алайда Қайрат мұны жасады! Айта алды! Билет сатып алып, ақиқаттың бетіне тура қараңыздар!”.
Бұл туралы Баян ханым Инсатадағы парақшасына жазыпты. Әлеуметтік желідегі жұрт жазғанымен келіспейді деп ойлады ма продюсер бұл жазбасына пікір қалдыруды шектеп қойған екен.
https://www.instagram.com/p/BaOqOn4DnBk/