Алматының Түркісіб ауданындағы сауда үйінде бүлдіршін 3-қабаттан құлады.
Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.
Куәгерлердің айтуынша, 12 қазан күні бала байқаусызда төменге құлап кеткен. Оқиға “Март” сауда үйінде болды. Айқай-шуды естіген көпшілік сол маңға жинала кетті.
«Әйел баланы қолына ұстап эскалатормен жоғары келе жатқан. Екінші баласы қоларбада болған. Олар 4-қабатқа бет алады. Кенеттен әйелдің қолынан ұстап тұрған баласы 3-қабаттан басымен құлап кетті. Жедел жәрдем келгенше бала қансырап жатты», – дейді куәгер.
«Басында есінен танып қалды. Анасы жанында жылап тұрды. Кейін бала есін жиып, ол да жылады. Бірақ көп қан кетті. Бастысы – есін жинады ғой», – дейді куәгер.
«Бала бас-ми жарақатымен 1-балалар ауруханасына жеткізілді. Жамбасы сынған болуы мүмкін. Қазір тексеру жүріп жатыр», – дейді дәрігерлер.