Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
4
USD
442
-1.91
EUR
474
-2.45
RUB
4.75
-0.07

«Сасымай ары жатшы!». Көршім Ғалым – бақытсыз еркек

2177

Бұл екеуі де өткен өмірлерінен сабақ алды ма, әйтеуір түтіні түзу шығатын шаңыраққа айналды.
https://kaz.365info.kz/kyjeuim-meni-zhas-khyzga-ajyrbastajtyn-dep-zhyr-baj-khazakhtyn-ajeli-268811

Ғалым – бақытсыз!

Ал екінші, сол жақтағы пәтерде тұратын көршілерім — нағыз бақытсыз жандар. Олардың тірлігіне қарап тұрып, осылай демеске амал жоқ. Ғалымның әйелі өзінен жиырма жас кіші. Осы «жас иіске» бола ол өз отбасынан безген жан. Әйтпесе ажырасқан әйелінен үш баласы бар еді. Келіншегі де тәп-тәуір жан болатын.

Ғалымның жас қызға көңілі кеткенін білген соң айқайласқан да жоқ, шуласқан да жоқ. Ың-шыңсыз ажырасып, балаларын жетелеп төркініне кеткен де қалған. Ал Ғалым болса, жас қызға үйленіп алды. Міне, төртінші жыл бірге тұрып жатыр. Бірақ араларында бала жоқ. Алғашында тыныш еді. Бірақ уақыт өте келе ол үйде жанжал жиі шығатын болды. Кейде далада темекі тартып тұрғанда оны әңгімеге тартып: «Бауырым не болды? Жиі төбелесіп кеттіңдер ғой» деймін.

«Е, аға, әйеліңнің өзіңнен тым жас болғаны қиын екен. Мен оны түсінбеймін бе, әлде, артта қалған «мамбетпін бе», (әйелі шаңқылдап айқайлап жатқанда осы сөзді жиі айтады) білмеймін. Оның киім киісі, жүрісі -тұрысы ұнамайды. Жұмыстан жай келеді. «Анау болды, мынау болды», деген сылтауы көп. Қайдан білейін, не істеп жүргенін. Кейде кешке сырттан тойып келе ме, тамақ жасамайды. Құр шай ішіп жата саламыз. Үйленгенімізге біраз болды, бір шыр еткен керек қой десем, «әлі ерте, карьера жасап алайын», деп басын ала қашады.

Алғаш танысып, мәшиненің ішінде сүйісіп жүргенде әңгімесі басқа еді. Қазіргі тірлігі басқа.

Жақсы көремін. Қызғанамын. Содан болар сағат сайын телефонына звондай беремін. «Шиқылдай бермеші», деп айқай салады. Не телефонын өшіріп тастайды. Екі ортада шашым ағарып, жынды болып жүргенім. Жас келіншек, әдемі, сымбатты келіншек. Кім білсін, мені менсінбей, жас жігіттермен қыдырып жүр ме? Өйткені кейде апталап төсекте болмаймыз.

Сасымай ары жатшы», деп теріс қарап жатып алады.

Ойыма неше-түрлі келеді. Байқатпай аңдиын десем, қорқамын. «Біреумен құшақтасып тұрса, жұмыстамын деп, мені алдап қонақ үйден біреумен шығып келе жатса — өлгенім ғой. Сондықтан аңдымаймын. Бірақ көңілімде күдік бар, аға», деп Ғалым күрсінген.

Не деймін оған? Жап-жақсы әйелін, ер жетіп қалған бала-шағасын тастап, жас қызға үйленген өзі ғой. Енді азабын тартсын да!

Кеше кешке әйелімді жетелеп далаға жүріп қайтайық деп шығып бара жатсақ, Ғалымның айқайлаған дауысын естіп қалдық.

«Әй шешеңді… қатыны, түнгі он бір болды ғой. Қайдағы жұмыс. Жаныңнан бір еркектің дауысы шығады ғой. Қазір барып бауыздаймын!».

Телефонмен айқайлаған ол бізді қаға-соға далаға шығып, көлігіне мініп жүріп кетті. Шамасы, әйеліне кеткен секілді. Нағыз қанды қырғын бүгін болады-ау деп жорамалдадым да қойдым.

Әйелім бүйірімнен түртіп: «сені тастап, Ғалым бауырым секілді қатқан жас қызға үйленемін деп кергуші едің ғой. Ал үйлен. Ана Ғалым секілді жүр сосын, қатыныңның көтін аңдып. Ол қызды білемін ғой. Қып-қысқа көйлек киіп, көті-басын жарқыратып кетіп бара жатады. Тұрмыстағы әйел солай киіне ме? Демек, бір шикілік бар», деп мырс етті.

Мен үндемедім. Мынадай жағдайды көріп тұрып, «жас қызы құрсын», дедім ішімнен.

Міне, менің екі түрлі көршім.

Бірі өзінен үлкен әйелге үйленіп бақытты отбасы болып отыр. Екіншісі әйелін шығарып жіберіп, жас қызға үйленіп, бақытсыз болып отыр.

Не дейсің енді оларға?…
https://kaz.365info.kz/zhurnalister-de-sondaj-ma-nemese-khazakh-khyzdary-khashan-byzyla-bastady-269316
Таңатар Мәдиұлы

Мақала VK-дағы Атамның басы-ай тобында қызу талқылануда

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз