Қазақстан бокс федерациясының шешімімен ұйым жарыстарына қатыспайтын спортшылар Әлем чемпионаттарына бара алмайды.
Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
«Біз атқарушы комитеттің бюросында осындай шешім қабылдадық. Бүгінде кейбір облыстық әкімдіктер Қазақстанның бокс федерациясы Кубогына қатысуға өз командаларына ақша бермей отыр. Енді, федерация Кубогына қатыспайтын спортшылар әлем чемпионаттарына жолдама ала алмайды. Сондықтан федерация жетекшілеріне айтарым, осыны облыстық спорт басқармасы басшыларына жеткізіп барыңдар. Командалар Кубокқа қатысуы тиіс», – деді ҚБФ президенті Тимур Құлыбаев бүгін ұйымның жыл сайынғы конференциясында.
Ал «Қазақстан боксының ардагері» марапаты Қазақ КСР бапкері Андрей Райш, Қазақстанның еңбегі сіңген бапкерлері – Борис Цхирашвили, Феликс Цой, Владимир Шайрер мен Алматы облыстық федерациясының құрметті президенті Асқар-Мәдихан Сауданбековке табысталды.