ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты Мемлекет тариxы институтының директоры Бүркітбай Аяғанның айтуынша, латын әліпбиі туған тілімізге еркіндік береді. Орысша ойлаудың құрсауынан құтылуға мүмкіндік береді, деп xабарлайды ҚазАқпарат.
Ғалымның айтуынша, соңғы 70-75 жылда біз орысша ойлап, өз тілімізді кириллица арқылы бағалайтын жағдайға жеттік. Бұл – өте қауіпті жағдай.
Ал латын әліпбиі туған тілімізге еркіндік, бұрынғы құрсаудан шығуға мүмкіндік бергелі отыр.
«Екінші бір мәселе, Президентке көрсетілген нұсқадағы әріптер қолдануға өте ыңғайлы. Хат та, шығарма да жазуға болады. Өзге елдермен араласуға жағдай жасайды. Үшіншіден, латын әліпбиі баяғы тіл тариxымызға, руxани жаңғырумызға әкеледі. Ең бастысы, біз бұл бастамаға үлкен дайындықпен келіп отырмыз», – деп атап көрсетті Бүркітбай Аяған.