Ерке Есмаханның орындауындағы “Қайда” әні Қазақстанда ғана емес, шетелде де танымал екен.
Ютуб желісінде лезде таралып жатқан мына видеода қара нәсілді америкалықтар Еркенің өлеңіне билейді. Тіпті, “қара жорға” билегендері де бар.
Еске сала кетейік, Ерке Есмаханның орындауындағы бұл ән рекордтық көрсеткіш орнатып, 4 миллионнан астам қаралым жинаған болатын.