Алматыда 18 жастағы талапкер Назерке Әріпті өлтірді деген күдікті такси жүргізушісі бұрын сотты болған. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Алматы қалалық прокуратурасының өкілдері хабарлады.
Ер адам бұзақылық, зорлау, тонау және кісі өлтіру қылмыстарын жасағаны үшін сотталған болып шықты.
Еске сала кетейік, қыз биыл медициналық ЖОО-ға грантқа түсуді жоспарлаған болатын. Талапкер 10 шілдеде сағат 18.00-ден кейін байланысқа шықпаған. Назеркенің отбасы Алматы маңындағы Талғар ауданында орналасқан Тұздыбастау ауылында тұрады.
Назерке Әріп – биыл мектеп бітіріп, ҰБТ-дан 100 балл алған.
Қыз Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медициналық университетіне түскісі келген. Құрбысы хабарландыруда көрсетілген мерзімнің дұрыс емес екенін және оның 10 шілдеде жоғалғанын айтты.
Ал 6 қыркүйекте ұшты-күйлі жоғалған 18 жастағы қыз өлі табылған еді.
“Ол жеке меншік жүргізуіші, сол күні қызды алып кетіп, қорлап, қылғындырған.
Қылмысын жасыру мақсатында қыздың денесін зираттың маңына қалдырып кеткен.
Адам өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Ол осы уақытқа дейін жасырынып жүрді, бірақ оның аты-жөнін бірден анықтадық”, – деп хабарлаған еді Алматы қалалық ІІД криминалдық полиция басқармасының басшысы Жанболат Зиадин. Ер адам өз кінәсін мойындап отыр екен.