Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-12
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

“Кімге, қашан?”. Димаштың үйлену тойының күні белгілі болды

266

Әнші үшін бұдан артық қандай бақыт керек деп ойлайтынымыз анық. Алайда нумеролог сандардың шатаспайтынын айтты.

«Қазір Димаштың өмірінде қиын кезең басталды, ол бірнеше жылға жалғасады. Бірақ бұл дегеніңіз, ол қол қусырып, ештеңе істемей отыру керек деген сөз емес. Мен үнемі айтамын, нашар кезеңнен жақсысын жасап шығару керек. Сондықтан Димашқа көп еңбектену керек», – деген Клара Күзденбаева Димаштың 37 жасында тағы да халықаралық танымалдылыққа ие болатынын айтты.

Бұдан өзге, Күзденбаева Димаштың жеке өміріне қатысты болжам жасады.

“Қазір Димаш 23 жаста, 24 жасында оның жеке өмірінде өзгерістер болады. Димаш өте сақ адам, сондықтан да оған нумерология бойынша үйленген дұрыс. Неге? Себебі, оған бірінші кезекте энергияға толы қыз қажет. Ол ару жинақы, пысық әрі Димашты биікке жетелей алатын қыз болуы керек. Ол жолы болғыш болса жақсы. Нумерологиясында кемі бір 8 саны болса, ол Димашқа сәттілік алып келер еді. Себебі оның бағдарламасында сәттілік жоқ. Яғни оған ештеңе аспаннан түспейді. Димаш бүгінгі биігіне тек таланты мен еңбегінің арқасында жеткен”, – деп түсіндірді Клара Күзденбаева.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз