Қостанай облысының Затобольск ауылында бойжеткен мас күйде өзінің егде жастағы анасын ұрып-соққан, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Анықталғандай, өз анасын соққыға жыққан 33 жастағы келіншек екі баласымен анасының үйінде тұрып келген.
Ол ішкілікке салынып, еш жерде жұмыс істемеген, балаларына да қарамаған.
«17 қыркүйек күні кешкі сағат тоғыз кезінде үйде болған П есімді қыз өзінің анасын ұрып-соққан. Сарапшы қорытындысына сәйкес, зардап шегушінің беті қанталап, оң жақ белі мен саусақтарына әйелдің денсаулығына жеңіл зиян келтіретін дене жарақаттары жасалған»,
33 жастағы әйел сотта өз кінәсін мойындамады және анасымен татуласудан бас тартты.
Оған 34 мың теңге айыппұл салынып әкімшілік жауапкершілікке тартылды.