Нұр-Сұлтан
Қазір
12
Ертең
23
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Қазақтардың алған несиесі рекордтық деңгейге жетті

Ал бір жылда уақыты өтіп кеткен несиенің үлесі тамыз соңындағы көрсеткіш бойыша 8,5%-дан 7,0%-ға азайып, 195,8 млрд теңгені құрады.

Елдің 16 өңірі де бір жылда тұтыну несиелерінің көлемін арттырған.

Соның ішінде астаналықтардың несие алу қарқыны көш басында. Бір жылда Астанадағы тұтыну несиесінің өсімі 16,8% болса (33 млрд ұлғайып, 229,8 млрд теңгеге жетті), жалпы республикадағы көрсеткіштегі үлесі7,9%-дан 8,2%-ға артты.

Екінші орындағы Алматының жылдық өсімі 30,9 млрд теңге 3,0%, яғни 1045,0 млрд теңгеге жетті. Ал республика бойынша үлесі 40,6%-дан 37,3%-ға азайды.

Алғашқы үштікті Қарағанды облысы қорытындылайды. Қарағандылықтар бір жылда алған несиелерінің көлемін 30,1 млрд теңгеге ұлғайтып (20,4%), 177,1 млрд теңгеге жеткізді. Республикалық көрсеткіштегі үлесі 5,9%-дан 6,3%-ға көбейді.

Қазақстан бойынша ең қолжетімді несие 1 млн теңгеге дейінгі кепілзатсыз несие.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз