Мадридтік “Реалдың” шабуылшысы Криштиану Роналду “Алтын добының” көшірмесін қайырымдылық акциясы аясында өткен бәссаудада сатты.
Бұл туралы испаниялық AS басылымы хабарлайды.
Басылымның мәліметі бойынша, Роналду 2013 жылы жеңіп алған “Алтын добының” көшірмесін 300 мың еуроға сатқан. Оның Израильдегі және әлемдегі ең бай адамдардың бірі Идан Офер сатып алған.
Еске салайық, 32 жастағы шабуылшы “Алтын допты” үш рет жеңіп алған. Тарқатып айтсақ, ол 2008, 2013 және 2015 жылдары әлемнің үздік футболшысына берілетін сыйлықты иеленген.