Францияның коммунисі Жак Дюпакье 1950-70-ші жылдары КСРО-ға үш рет келген екен. Соның бірінде Өзбек ССР-іне ат басын бұрыпты.
Кейін былай еске алады:
«Мәскеуде бірнеше күн болып, сосын Ташкентке – Өзбекстан астанасына ұштық. Мінгеніміз ескі, винтті ұшақ. Ол ұшқанда 3200 метрден жоғары көрілмейтін. Советтік Орта Азияны төбеден сонда тамашаладым.
Мен Ташкентте ұзақ қыдырдым. Базарларын, оранып жүретін әйелдерін көрдім. Мешітте болдым. Ресми тұлғалармен көп кездестім. Бірақ ресми жерлерде әр өзбектің жанында бір орыс еріп жүретін. Совет одағы өзбектің шенділерін сырттай аңдып, бақылап жүретін әсер қалады екен.
«Мәскеу-Ташкент бағытында ұшып келе жатып, мен иллюминатордан көптеген суреттер түсірдім. Бір кезде концлагердің үстінен ұшқанда стюардесса келіп, бұл жерді түсіруге болмайды деді. Одан басқа жерде маған ешкім кедергі болмады».
Дереккөз: lifejournal/alex-hedin
https://kaz.365info.kz/ozbektin-en-ademi-15-khyzy-257967