Алматыда “Рахат” базарында күзетшілер арасында жанжал болған.
Бұл туралы СТВ телеарнасындағы “Территория происшествий” бағдарламасы хабарлайды.
Телеарнаның мәліметінше, “Рахат” базарында күзетші мен оның бұрынғы әріптесі екеуі ішімдік ішіп, сөзге келіп қалған. Содан бірі екіншісіне екі рет пышақ салған. Нәтижесінде зардап шеккен адам қашпақшы болады. Бірақ солтүстік айналымға келгенде ер адам көп қан жоғалтқандықтан есінен танып қалған.