Алматының қақ ортасында екі шетелдік маркалы көлік соқтығысты. Жүргізушілердің бірі бағдаршамның жүруге тыйым салған белгісіне қарамай өтіп кеткен деген болжам бар.
Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
Куәгерлердің айтуынша, BMW Байзақов көшесімен оңтүстік бағытқа қарай келе жатқан, ал Toyota RAV 4 солтүстік бағытқа бет алған.
Осы кезде соңғы автомобильдің жүргізушісі бағдаршамның жүруге тыйым салған белгісін елемеген, салдарынан апатқа ұшырады. Десе де, жол көлік апатының нақты себебі әлі тексеріліп жатыр.
Toyota көлігінің рөлінде отырған әйел адам ауруханаға жедел жеткізілді. Ал BMW көлігіндегі ер адам ауруханаға жатудан бас тартқан. Қазіргі уақытта жол-көлік апаты болған жерде полиция жұмыс істеуде.