Бүгін Алматыда жергілікті уақытпен таңғы сағат 7-ден 51 минут кеткенде жер сілкінісі тіркелді.
Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі мәлім етті.
««Сеймологиялық тәжірибелік әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі 26 қыркүйек күні 07 сағат 51 минут 47 секундта жер сілкінісін тіркеді. Зілзаланың ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 247 шақырым қашықтықта, Қырғызстан аумағында болды. Жер асты дүмпуінің энергетикалық қуаты – 8,7. Магнитудасы – MPV 4.0. Координаттары – 42.29° с.е. 74.15°ш.б. Тереңдігі – 15 км. Сезілуі туралы (МSК-64 шкаласы бойынша) мәліметтер жоқ», – деп жазылған хабарламада.