Көрмені өткізу кезеңінде кәдесый өнімдерін өткізу бойынша 630-дан аса сауда нүктелері жұмыс істеді, деп Астана Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы Рыскүл Қауғабаева Астана әкімдігі медиа-орталығының тілшісіне айтып берді.
Көрме дүкендерінің сұрыпталымында 250 өнім атауы ұсынылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми интернет-ресурсы.
Рыскүл Қауғабаеваның айтуынша, елорда тұрғындары мен қонақтары арасында ең танымал теріден, саздан, күмістен, киізден жасалған және көркемөнер туындылары кәдесый өнімдері болды.
Астанада сәндік-қолданбалы өнерді дәріптеу үшін елордалық Арбат, «Бәйтерек» монументінің жанында «Қолөнершілер қаласы», Нұр Жол гүлзарында кәдесый дүкеншіктері ашылды