Нұр-Сұлтан
Қазір
-9
Ертең
-18
USD
527
+2.06
EUR
543
+2.12
RUB
5.16
+0.04

Жастарды ауылға байлауды ұсынған Божконың көздегені не?

Олар білді ғой, ЕХРО құрылысы салынатынын, оған қаншама адам жұмысқа тартылатынын. Қазір одан босаған 30 мыңға жуық құрылысшы жұмыссыз қалайын деп тұр. Рас, бұл әлеуметтік дүмпу туғызатын топ. Сондықтан олардың мәселесін шешіп беру керек.

Бірақ оған осы күнге дейін ешкім бас ауыртпаған, тек Абу-Даби Плаза жайтынан соң ғана үркіп қалды.

„Арқада күн жылы болса, арқар ауып несі бар„ демекші, ауылдың жайы жақсы болса, жастардың қалаға ағылып несі бар? Бұл – табиғи процесс, оны күштеп, шектеп, бұғаттап шеше алмайсыз. Ол мүмкін емес, – дейді саясаттанушы.

https://kaz.365info.kz/otirikshi-goj-olar-bozhko-astanaga-keletin-auyl-zhastaryna-shekteu-engizudi-ysyndy-280628

Дос Көшім қаланы қазақтандырып жатқан осы ішкі миграциядағы құбылыстар дейді.

– Үкімет неге көрмейді? Осындай жақсы жағын, мәселен. Қазір еліміздегі көптеген қаланың қазақтандыру деңгейін арттыруға үлес қосып жатқан осы ауыл жастары.

Өзімізге де обал жоқ…

Ал саясаттанушы Айдос Сарым Божконы „микро-Соломенцевке„ теңеді.

„Ойбай, мына микро-Соломенцев деген қайдан шыққан? Мүмкін, осы үшін бұл депутаттың жалақысын кесу керек шығар? Әлде ақылынан ерте алжасайын деген бе? Осындайларды депутат қылған бізге де обал жоқ…„ деп жазды Айдос Сарым әлеуметтік желідегі жеке парақшасында.

Соломенцевтің кім екенін айта кетелік. Ол 1986 жылғы желтоқсан оқиғасынан кейін қазақ жастарының әрекетінің себеп-салдарын анықтау үшін Алматыға арнайы келген СОКП хатшысы.

Ол Алматыда қазақтардың қаптап бара жатқанына, оған ауыл жастары үлес қосып жатқанына қатты алаңдап, мінберде тұрып, дабыл қаққан.

„…Қазір комсомол, партия жиындарында комсомол мен коммунистердің ұлтшыл, бұзақылық тәртіптері талқыланып, қатты қаралып жатыр. Қала қалай толығып жатыр, осыны зерттеу керек. Міне, Алматыны алыңыздар. Мен мұнда жұмыс істеп жүргенде, қазақтар 8 процент қана болатын. Дұрыс айтып тұрмын ба?..

Ал қазір ше? Бақандай, 16 процент. Екі есеге көбейіп кеткен…„

– деген еді сол кезде қазақты уысында ұстағанды көксеген коммунистер көсемінің бірі.

https://kaz.365info.kz/bekbolat-tileuhan-latyn-kharpine-koshude-asykhpajykh-degenderdin-auzyna-khym-khyjdy-279535

Сөйтіп, ол осы сөзімен басшылығының артын ашып берген. Яғни, жастардың қудалануына желтоқсан оқиғасы емес, бөтен пиғылы бары осылай білініп қалған. Көп ұзамай, Соломенцев қызметімен қош айтысып кете барған еді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз