Атышулы Мақсат Үсенов тағы да істі болды. Бұл жолы Алматы қаласы Алмалы аудандық сотында есірткі қолдану дерегі бойынша сот отырысы өтті.
Бұл туралы Рatrul.kz хабарлады.
Компьютерлік клубқа барғаннан кейін ол қорапшаны есіне түсіріп, “дымды да түсінбестен” далаға шығып, “марихуананы орап, шегіп көрген”.
https://kaz.365info.kz/bygan-ozi-zhaza-zhokh-pa-baj-balasy-makhsat-ysenov-tagy-bylik-shygardy-video-264957
Сотталушы Мақсат Үсеновтің айтуынша, ол есірткіні өмірінде тұңғыш рет қолданып көрген. Бұдан кейін ол ешқашан мұнысын қайталамайтынын айтқан. Ал Үсеновті “ерекше иісі бар жасыл түсті затпен” ұстап алған полицейлер оны медициналық куәландыруға жөнелткен. Сараптамадан Үсеновтің есірткіге мас болып қалғаны анықталған. Сондай-ақ, зерттеуге берілген қорапша ішіндегі зат марихуана болып шыққан және оның салмағы 2,26 грамм болған.
“Сот Мақсат Қажымұратұлы Үсеновті ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабының 2-бөлігінде қарастырылған қылмыстық іс жасады деп танып, 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салды (453 800 теңге)”, – делінген Алмалы аудандық сотының үкімінде.
https://kaz.365info.kz/zhazadan-zhaltaryp-kete-beretin-dokej-balasy-makhsat-ysenov-akhyry-sottaldy-267357
Еске сала кетейік, 2013 жылдың желтоқсанында «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы құрылыс департаментінің бұрынғы басшысы Қажымұрат Үсеновтің ұлы Мақсат Үсенов өзінің BMW X6 көлігімен жүйіткіп келіп, жол жиегінде тұрған алты адамды қағып кеткен болатын. Салдарынан жас жігіт қайтыс болып, бірнеше адам зардап шекті. Тәртіп сақшылары бұл жайтқа байланысты қылмыстық іс қозғағанымен, тараптардың бітімге келуіне байланысты іс тоқтатылды.
Бұл мақала ВК желісіндегі „Атамның басы-ай„ тобында қызу талқыланып жатыр.