Есті тыңдарман Мақпалды әркез шетелдік жұлдыздарға еліктейді деп сынайды. Исабекованы біресе әнші Бейонсемен, біресе атақты модель Ким Кардашьянмен салыстырантындар көп. Оған Мақпалдың құлағы әбден үйренген.
“Ким Кардашьянның танымалдылығы маза бермей жатыр. Суымаған із бойынша жүріп барамын”, – деп жазды Мақпал кезекті образын тыңдармандарына көрсетіп.
Өз кезегінде желідегілер екі топқа бөлініп алды. Көпшілік әншінің батыл екенін айтып, жаңа образын ұнатса, бірлі-екілі оқырмандар қазақ қызының образынан мүлдем алшақтап кеткен Мақпалды сынауда.