Шымкентте ер адам әйелін аяусыз ұрып-соғып, оған тиесілі көлікті иемденіп, қашып кеткен.
Бұл туралы қалалық ішкі істер департаментіне сілтеме жасап, ҚазАқпарат хабарлады.
Полицейлер келгенде 33 жастағы келіншек күйеуінен әбден таяқ жегенін айтып, арыз жазып беріпті. Арызды алған тәртіп сақшылары жәбірленушінің күйеуін іздестіріп, ақыры тапқан.
«40 жастағы азамат Еңбекші аудандық полиция бөлімшесіне жеткізілді. Көлік өз иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда қолға түскен тұрғыннан тиісті жауаптар алынуда. Тәртіп сақшылары оған қатысты істі әкімшілік сотқа жолдады», – деді полиция қызметкерлері.