Петропавлдық кәсіпкер озат оқушыларға шәкіртақы тағайындады. Андрей Исаков өзі оқыған мектептің 70 оқушысына қаржылай қолдау жасап отыр.
Үздіктерге 5 мың мен 15 мың теңге аралығында шәкіртақы беріледі деп хабарлады „Хабар-24„ телеарнасы.
«Бұл оларды ынталандырып, ілім-білімге деген құлшыныстарын оятуға мүмкіндік береді», – дейді іскер азамат.
Дарья Ишина, мектеп оқушысы:
– Мен 11 мың теңге шәкртақы аламын. Мәселе ақшада емес. Бірақ бұл менің жақсы оқуыма сеп болады. Болашақта дәрігер болғым келеді.
Андрей Исаков, кәсіпкер:
– Бизнес қоғам мәселелеріне араласып, оның шешілуіне үлес қосуы қажет. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та айтты. Қазақстанда кәсіпкерлерге көп көмек көрсетіледі. Сондықтан біздің де қолдау жасағанымыз жөн.