Алматыда із-түссіз жоғалып кеткен 18 жастағы Назерке Әріп өлі табылды.
Бұл туралы мәліметті қыздың отбасымен таныс адамдар айтты, – деп хабарлайды Тengrinews.kz. Туысқандарының айтуынша, қазіргі уақытта жерлеу рәсімі өтіп жатыр.
“Иә, тапты… мәйітін. Қазір жерлеп жатыр”, – деді іздестіру бойынша хабарландыру берген әйелдердің бірі.
https://kaz.365info.kz/nazerkemdi-khajtaryndarshy-eshkhandaj-zhaza-bolmajdy-zhogalgan-khyzdyn-anasy-277683
Қыз медициналық ЖОО-ға грантқа түсуді жоспарлаған. Талапкер 10-шілдеде сағат 18.00-ден кейін байланысқа шықпаған. Назеркенің отбасы Алматы маңындағы Талғар ауданында орналасқан Тұздыбастау ауылында тұрады. Назерке Әріп – биыл мектеп бітіріп, ҰБТ-дан 100 балл алған. Қыз Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медициналық университетіне түскісі келген. Құрбысы хабарландыруда көрсетілген мерзімнің дұрыс емес екенін және оның 10-шілдеде жоғалғанын айтты.
Мұның алдында 18 жастағы түлек Назерке Әріптің анасы қызды ұстап отыруы мүмкін деген адамдардан оны үйіне жіберуін сұраған еді.