Атырау облысында кәмелетке толмаған бөлесімен бірге сыра ішкен жігіт қамауға алынды.
Бұл туралы облыстағы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кәмелетке толмаған туысын масаң куйге жеткізген Құрманғазы ауданының тұрғынына қатысты әкімшілік іс қаралды. 2017 жылдың 4-шілдесінде сағат 22.00 шамасында Құрманғазы ауданы тұрғыны жасы кәмелетке толмаған бөлесіне сыра ішкізіп, масаң күйге дейін жеткiзген.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.