Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
7
USD
443
+0.61
EUR
475
+1.05
RUB
4.74
-0.01

Шахан трагедиясы: Қаза тапқандардың отбасы тағы да миллион теңгеден алды

Енді қор қаза тапқандардың отбасына тағы да миллион теңгеден үлестіруді жөн санапты.

“Осылайша ол отбасылар трагедиядан соң ас беру, ескерткіш тақта орнату, несиелерін өтеу шығындарын есептемегенде 2 миллион 500 мың теңге алды. Олардың отбасы жаңа пәтерлерге көшірілді, көшкісі келмегендерге өтемақы ақшалай берілді. Ол ақшаға Шаханнан емес, басқа қалалардан да ең жақсы үйді алуға болады”, – дейді Мамерханова.

Ал зардап шеккен 11 жастағы Елена Васильева мен 32 жастағы Александр Галышевке қайтара көмек көрсетілмеген.

“Өйткені олар ем курсын алып, ауруханадан шығарылды. Олар оған дейін 500 мың теңге алып қойған. Бірақ, ақша алсам деген өтініштері қанағаттандырылады. Мәселен, Еленаның туыстары қызға косметикалық операция жасатамыз деп ақша сұрады. Қанша сұрады, соны бердік”, – дейді қамқорлық кеңесінің басшысы.

Қазір қордың есепшотында 7 миллион 8 214 теңге қалған. Қазақстандық жеке және заңды тұлғалардан жалпы саны 203 миллион 851 192 теңге келіп түскен екен. Апатты қалпына келтіру жұмыстарына 196 842 977 теңге жұмсалған. Қалған қаражат қаза тапқандардың жерлеу рәсімдеріне, екі зардап шегушінің еміне, жарылыс зардаптарын жоюға, шұңқырларды қалпына келтіруге, жаңа қазандық орнатуға және бес қабатты үй жанынан қосымша құрылыс бөлімін тұрғызуға кеткен.

Ал қалған 7 миллион теңге енді зардап шеккен жеті пәтерді жөндеу жұмыстарына жұмсалады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз