Дəріханаға барғанбыз. “Риноконъюктивитке не бар?” деп сұрап ем, біраз дəріні айтты. Ішіндегі танитыным “алерго…” деп басталатыны екен.
“Соны бере салыңыз” десем, менен кейін кезекте тұрған келіншек: “Ол конъюктивиттікі емес”, – дейді. “А-а, менде аллергия” дей салдым.
Арасында балаларға дəрі алдық. Сосын “Цитромон” сұрадым. Əлгі келіншек тек тұрмай: “Цитромонды балаға беруге болмайды”, -деді. “Балаға емес, өзімізге”, – дедім аса жаратпай. Басым сынып бара жатқан. “Взрослыйларға да болмайды. Мықты дəрігерлер оны ішпеу керек дейді”… Негізі, ол келіншектен пікірін сұраған жоқ едім. Өзі бір бес тиынын қыстырып қалмаса тұра алмайтын адам екен.
Жұлдыз Әбділда
Фейсбуктегі парақшасынан