Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
17
USD
442
0.00
EUR
476
0.00
RUB
4.86
0.00

Маңғыстау облысында үшем дүниеге келді

133

«Әйелдің үшем табатынын ультрадыбысты зерттеу кезінде 20 ақпанда анықтаған болатынбыз. Жаңылхан басында сенбеген еді. Бірақ қатты қуанды. Есепке уақытында тұрды. 6 тамыз күні ол перинаталдық орталыққа 33 апталық жүктілікпен келді», – дейді Маңғыстау облысы перинаталдық орталығының акушер-гинекологы Роза Баданова.

8ec77135b9d388e7cd50728ee48fe276

16 тамыз күні әйелге кесер тілігі жасалды. Отаны орталық директоры, жоғары категориялы дәрігер – Жамал Жаманбаева жасаған.

Бірінші Абдуррахим – атты ұл бала дүниеге келді. Салмағы 2 кг 280 грамм, бойы 45 см. Екіншісі Мұхаммедәли – атты ұл. Бойы 44 см, салмағы 2 кг 170 грамм. Үшіншісі Әзима – атты қыз бала. Салмағы 2 кг 170 грамм, бойы 46 см.

«Үшеуі де шала туды. Бірақ дендері сау, ауытқушылық жоқ. Ертең анасы мен балаларды үйіне шығарамыз», – дейді Роза.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз