Интернеттен ерекше дауыс иесі – Димаш Құдайбергеннің әнін тыңдауды жаттанды дағдыға айналдырған америкалық ақыры Қазақстанға келуге бел буып, Астанаға ат басын тіреді.
Ғаламторға жүктелген бірнеше әннің соңында Димаш сөзін: „Қазақстанға қош келдіңіздер!„ деп аяқтайды екен. Лос-Анжелес тұрғынына осы сөз қатты әсер етіп, өзі сүйіп тыңдайтын әншінің Отанын барып көру туралы шешім қабылдайды деп хабарлады Аstanaexpo.tv.
Димаштың жанкүйері әншінің оқитын университетінде болып та үлгеріпті. Енді Алматыдағы оның концерті мен сүйікті әншісінің туып-өскен жерін көру үшін Ақтөбе қаласына аттанбақ.
Патрис бұған дейін ешбір жанкүйерлер клубына мүше болып көрмегендігін айтты. Ол алғаш рет «Димаш USA» және Лос-Анжелестегі «Димаш Құдайберген» фан-клубтарының мүшесі болған.
«Мен қазақстандықтардың Димаштың әлемге қалай әсер еткенін түсінгенін қалаймын. Ол әртүрлі мәдениеттер мен елдерді, әртүрлі жастағы және түрлі деңгейдегі адамдарды байланыстырды. Біз барлығымыз туысқандар сияқты араласып кеттік», – дейді Патрис.
https://www.youtube.com/watch?v=TZqXNPhynBs