Ресейдің алғашқы президенті Борис Ельцинді ресми және жеке кездесулерге тасыған Mercedes-Benz S-klasse Trasco Bremen брондалған лимузині сатылды.
Оны Петербордың бір бай-манабы 19,7 млн рубльге сатып алыпты деп көлікті сатқан автосалон өкіліне сілтеме жасап, ТАСС агенттігі хабарлады.
«Лимузин коллекционер адамға 19,7 млн рубльге сатылды», – деді автосалон өкілі.