«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова баспана алу үшін қажетті қаржы жинау үшін жалақының қанша болуы керектігін айтты.
Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
«Менің ойымша,
40 мың теңгеден жинайтын адамның жалақысы шамамен 140-150 мың теңге болуы керек.
Әрине, пәтер алуға ниетті адам барынша үнемдеуге кірісуі керек, яғни ойын-сауықты, мейрамханалар мен дәмханаларды уақытша ұмытуға тура келеді. Бұл тұрғыда не баспана, не ойын-сауық деген таңдау тұрады»,-деді Ибрагимова «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыру барысына арналған Үкіметтегі баспасөз мәслихатында.
Сонымен қатар ол депозитке салымдар бойынша қанша сыйақы тағайындалатынын айтып берді.
«Егер адам бір депозитке ең жоғары сома 40 мың теңгені бір жыл бойы ай сайын салса, онда ол 480 мың теңге жинайды. Бұл сомаға мемлекеттік сыйақы ретін 96 мың теңге қосылады, тағы екі пайызды банк есептейді. Жалпы, ол бір жылда 600 мың теңгеге тарта, ал үш жылда 1,8 млн теңге жинайды»,-деп түсіндірді ол.