Нұр-Сұлтан
Қазір
-13
Ертең
-6
USD
516
+0.32
EUR
536
-0.13
RUB
5.18
0.00

Қытайлар ислам дінін қабылдап жатыр

112

“Алғашқыда Исламды қабылдайтынымды білген менің қытай достарым біраз абыржып қалды. Исламды қабылдаған соң, мен өзгеріп, олармен араласпай қояды деп санаған екен олар”, — деп шыққан тегі қытай, ал өзі жаңадан мұсылман болған Саралин Абдулла ағынан жарылды.

“Әлдекім исламды қабылдаған уақытында, адамдар оның ұлты малайлық болады деп ойлайды. Менің достарым да мені малайлық болып, малай мәдениетін ұстанатын болады деп ойлап, абыржып қалған ғой”, — дейді ол.

Селангордің өзінде жылына 3 200 адам Исламды қабылдайды. Бұл адамдардың осы дінге келулерінің себебі әртүрлі, бірақ олардың бәрі дінге кірген соң өз есімдерін өзгертіп жатады. Малайзия қытайлық мұсылмандар қауымдастығы президенті профессор Тауфик Яп Юн Хиннің айтуынша, есімді өзгерту кең тараған стереотип болып табылады.

“Қытай есімдерінің басым көпшілігінің өзіндік жақсы мағыналары бар. Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) кезінде мұндай болмаған еді – адам дінді қабылдағанда оған есімін өзгертудің қажеті болмаған, тек есімнің мағынасы нашар болғанда ғана, есім өзгертілетін болған”, — дейді Хин.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз