Отандық продюсер Алуа Қонарова 16-тамыз күні өзінің 45 жасын тойлаған еді.
Ең бірінші болып продюсерді шәкірттері құттықтады. Түн ортасында “Рензо” мен “Аюми” тобының әншілері продюсердің үйіне келді.
“Рензо” тобының әншісі Ахмет Асқар продюсердің үйінен шығуын талап етті. Шықпаған жағдайда әнші өзінің тамырын кесемін деп қорқытқан. Жүрегі аузына тығылған Қонарова үстіне халат жауып шыққаны сол еді, барлық шәкірттері гүл мен қошеметпен құттықтады.
“Өмірімде бірінші рет мені осылайша біреу алдады”,- деді продюсер.