Қазір шекарашылар Ергешов пен Бөрібаевқа қатысты Қылмыстық Кодекстің «Қызметін асыра пайдаланып, қару қолдану арқылы ауыр жарақат салу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр,-деп жазды КТК арнасы.
Ал оқиғаның өзі өткен аптаның сенбі күні кешкі сағат сегіздер кезінде «Жас өркен» шекара бекеті тұсында болған. Сарбаздардың айтуынша, шамамен 20-ға жуық адам «тоқта» деген сөзді елемей, тікенек сымды қиып өткісі келіпті. Ескерту ретінде аспанға оқ атқан әскерилерге олар тас лақтырып қарсылық көрсеткен.
Үйленген, екі қыздың әкесі екен. Қазір оның туыстарынан жауап алынып жатыр. Ал атыс болған аймақта қазір мүлгіген тыныштық. Дегенмен, Тараз шекара жасағы күшейтіліп, мұнда қосымша күштер тартылған.
Ізін суытқан өзге азаматтар облыс аумағынан іздестірілуде. Құзырлы орындар тергеу шараларының құпиялығына байланысты бұдан артық ақпарат таратпай отыр.