Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
“Көршілеріміз жарады. Ыстық көлде осындай кереметтей ертегі әлемін жасап шығарды. Қазақстанның ішкі туризмін дамыту үшін бізге де осындай жерлер соғу қажет. Бізде оған қажеттінің бәрі бар, солай емес пе? Кімде қандай ұсыныс бар, жаза отырыңыздар”, – деп өтініш айтты желідегі оқырмандарына Алагөзов.
Өз кезегінде желі оқырмандары қарапайым халықтың қолынан келмейтін іс екенін алға тартып, оған мүмкіндігі бар кәсіпкерге өтініштерін жеткізді. Желідегілер Қазақстанда табиғаты әсем жерлердің көп екенін растай отырып, Каспий, Бурабай, Қапшағай, Балқаш, Көлсай, Қайыңды көлдерін ұсынды.

Ал Алагөзов туризмін дамытуға болатын мекендердің суретін жіберуді өтінді.
