Иран билігі бір топ жасөспірімді Латын Америкасының зумба биі мен басқа да “батыс билерін” насихаттады деген күдікпен ұстады.
Парсы баспасөзінің 10 тамызда хабарлауынша, Ислам төңкерісін қорғау корпусы (ИТҚК) елдің солтүстік-шығысындағы Семнан провинциясының Шархуд қаласында төрт жасөспірім мен екі қызды тұтқындаған.
Консервативті Иранда осы тәріздес тексерулер мен тұтқындаулар жиі болып тұрады. Мәселен, 9 тамызда мемлекеттік баспасөз Исфахан қаласының маңындағы бассейінде жартылай жалаңаш сауық құрған 64 жасөспірім қыз-баланың ұсталғанын хабарлады. Билік оларды “би билеп, ішімдік қолданды” деп айыптады.