Қазіргі таңда қаскүнемдерге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі 189-бабының бірнеше тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде, – хабарлайды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
2017 жылғы шілденің 27-і күні 30 жастағы қала тұрғыны Алға ауданында өзі бақташы болып жұмыс жасайтын шаруа қожалығынан 31 бас ұсақ малды қолды еткен. Ол туралы полицияға 68 жастағы шаруа қожалығының иесі шағым түсірген. Келтірілген шығын көлемі 600 мың теңге. Қойлар әлі иесіне қайтарылған жоқ. Қазіргі таңда өзгенің сеніп тапсырылған мүлкін иемдену дерегі бойынша тергеу амалдары жүруде.
Ал үшінші ұрлық 30-шілдеде Қарғалы ауданына қарасты ірі шаруашылықтың біріне қарасты жайлауда орын алды.
Мұнда 60 жастағы бақташы өзіне ауыл тұрғыны сеніп тапсырған «Еділбай» тұқымды 16 бас қойды қолды еткен. Ол туралы 68 жастағы серіктестік директоры полицияға шағымданғаныпты. Келтірілген шығын 640 мың теңге. Қойлар иесіне қайтарылды.
«Полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде күдіктілер анықталып, оларға қатысты ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы қолданылды», – делінген баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.