Астанада бір кәсіпкер цехына жұмысшыларды өзі тегін дайындап, жұмысқа қабылдайды.
Бұл туралы Астана әкімдігінің медиа орталығы хабарлады.
Ол – “Green tal” шеберханасының жетекшісі Эмин Әскеров. Оның айтуынша, әлеуметтік аз қамтылған азаматтарды тігін және ағаш цехтарында оқытып, үздіктерін жұмысқа қабылдайды.
“Әлеуметтік жоба аясында әлеуметтік аз қамтылған азаматтарды тігін және ағаш цехтарында оқытып, үздік мамандарды жұмысқа қабылдаймыз. Екі жылдың ішінде шамамен 150-ге жуық азаматты оқытып,оның 20-ға жуығын әлеуметтік шеберханаға жұмысқа қабылдадық”, — дейді кәсіпкер Эмин Әскеров.
“Сонымен қатар алғаш рет менталды ауытқуы бар азаматтарды оқытып бастадық. Оның үшеуі тұрақты жұмыс тапты. Жақын күндері тағы біреуі орналасады. Менталды ауытқуы бар 90-нан астам адам жұмыс кезегінде тұр”, — деді “Green tal” шеберханасының жетекшісі.
Аталған шеберхана кез келген әлеуметтік аз қамтылған әлсіз топқа жататын азамттарды тегін оқытуға дайын.